«Жазғы демалыста кітап оқимыз!»
«Жазғы демалыста кітап оқимыз!» жобасы аясында «Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында балалармен қызықты кітаптарды талқылап, логикалық ойындар ойнатылды.
Бұл жоба аясында кітапхана жас оқырмандарға арнап түрлі жанрдағы қызықты кітаптар тізімін ұсынды. Балалар оқыған кітаптары туралы пікір алмасып, суреттер салып, шығармашылығын дамытты.