Жаңалықтар

Сенат депутаты Айгүл Қапбарова мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесті

ШЫМКЕНТ: Сенат депутаты Айгүл Қапбарова мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесті

Бүгін Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы қалалық әмбебап кітапханада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова мәдениет және өнер саласының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуді Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынбасарұлы Орынтаев жүргізді.

Ашық диалог форматында өткен жиында депутат заңнамалық бастамалар туралы ақпарат беріп, сала қызметкерлерінің өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Кездесу барысында мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі, жалақы мәселесі, мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын жаңарту, шығармашыл жастарды қолдау, инфрақұрылымды дамыту, жаңа мамандықтар мен театр цехтарының бөлім деңгейіне көтеру, сондай-ақ "ҚР еңбек сіңірген әртісі" атағын қайта енгізу туралы мәселелер қозғалып, ұсыныстар айтылды.

Өз кезегінде Айгүл Жарылқасынқызы айтылған мәселелердің барлығы Парламент Сенатының қабырғасында талқыланатынын және заңнамалық деңгейде қарастырылатынын атап өтті.

https://www.facebook.com/share/p/17AxpNywUc/