Жаңалықтар

Жазғы демалыста балалардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында, кітапханамыз табиғат аясында балаларға арналған кітап көрмесін ұйымдастырды

????Жазғы демалыста балалардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында, кітапханамыз табиғат аясында балаларға арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.

????Балалар назарына өнердің барлық саласы – музыка, би, сәулет, театр, кино, қолөнер туралы жазылған кітаптар, альбомдар ұсынылды. Нәтижесінде балалар Қазақстан өнерінің мәні мен рөлі туралы, сондай-ақ халқымыздың әлем таныған өнер жұлдыздары Ш.Айманов, А.Әшімов, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Ә.Өмірзақова, Р.Бағлановалардың т.б. өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты мол мағлұмат алды.

????Сонымен қатар балалар көрмеге қойылған қолөнерге, суреттерге қызығушылықтарын білдірді.

????Бұл – кітаптардың тәрбиелік және рухани рөлін тағы бір мәрте дәлелдеген мазмұнды кітап көрмесі болды.

https://www.facebook.com/share/v/1GPyzV1fSm/