Кітапханамыздың қорына жаңа әдеби туынды түсті!
Құрметті оқырмандар!
Кітапханамыздың қорына жаңа әдеби туынды түсті!
Ақын,аудармашы,Қазақстан Жазушылар,Журналистер Одақтарының мүшесі Гүлнәр Өмірбектің бұл кітабы төртінші өлеңдер жинағы. «Ақ қанатты періштем», «Сүмбіле қыздың сырғасы» , «Жанымның жапырағы» атты кітаптары оқырман тарапынан жылы қабылданған. Бұл жинақта ақынның танымал әлем ақындарының шығармаларынан қазақ тіліне және орыс тіліне аудармалары, орыс тіліндегі өлеңдері енген.