ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің зерттеуші ғалымы Ертай Біләл қонақта болып, сирек кітаптар бөлімінің жұмысымен танысты
2025 жылғы 26 шілде күні кітапханамызда ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің зерттеуші ғалымы Ертай Біләл қонақта болып, сирек кітаптар бөлімінің жұмысымен танысты.
Кездесу барысында сирек кітаптар қорының құндылығы, оларды сақтау, ғылыми тұрғыда зерттеу және оқырмандар арасында насихаттау жолдары жөнінде кеңінен сөз қозғалды. Қызметкерлер өз саласына қатысты тың мәліметтер алып, кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Кітапхана ұжымы атынан Ертай Біләл мырзаға алғысымызды білдіреміз! Мұндай мазмұнды кездесулер кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттырып, рухани байлығымызды насихаттауға серпін береді.