Кітапханамызға еңбек ардагері Жаңабай Еркеев өзінің «Ұлы ойшыл ақынның рухына тағзым» атты кітабын тарту етті
Кітапханамызға еңбек ардагері Жаңабай Еркеев өзінің «Ұлы ойшыл ақынның рухына тағзым» атты кітабын тарту етті.⠀
Бұл кітап – тарих пен тұлға тағылымын ұлықтаған танымды еңбек. Кітапта ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай туралы талай мағлұматтар берілген, сонымен қатар естеліктер, пьеса, әңгімелер енген.
Оқырмандардың назарына ұсынылып отырған кітап қалың көпшілікке арналған.