«Жазғы демалыста кітап оқимыз!»
«Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен өткізілетін «Жазғы демалыста кітап оқимыз!» жобасы балдырғандардың бойына кітапқа деген сүйіспеншілік пен қызығушылық ұялатуды мақсат етеді. Жаз мезгілін қызықты әрі мағыналы өткізу үшін балалар кітап оқып, кейіпкерлермен сырласып, қиял әлеміне саяхат жасайды.
Жоба аясында балаларға қызықты кітаптар тізімі беріліп,түрлі мотивациялық ойындар ойнатылып, балалар бос уақыттарын тиімді пайдалануда.Барша жас жеткіншектерді кітап оқуға шақырамыз!
https://www.facebook.com/share/v/1AdgB1bhWX/