«Кітап пен өнер: ашық аспан астындағы тамаша кездесулер»
«Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған шырақ» деп дана халқымыз тегін айтпаған. Әр баланың өзінің бойына біткен ерекше таланты болады. Соның бірі – өнер. Ал ол әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп өлең оқу немесе күй тарту.
Өнер мен білімін қатар алып жүрген балаларға бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Әл - Фараби атындағы қалалық ғылыми - әмбебап кітапханасы саябақ демалушыларына, балаларға арналған кітап көрмесін жасақтады.
Балалар ашық аспан астында кітап әлеміне еніп, қызықты кітаптармен танысып қана қоймай, әндер шырқап, әсем күйлер орындады. Сонымен қатар көрмеге «Бәрін білгім келеді» арт-студия үйірмесінің қатысушылары жасаған қолөнер және салған суреттері қойылды. Балалар көрмеге қойылған қолөнерге, суреттерге қызығушылықтарын білдірді
https://www.facebook.com/share/v/16tfnm9Buw/