"Шебер қолдар" үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді
«Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен өткізілген «Шебер қолдар» үйірмесінде балалар шығармашылық қабілеттерін дамытып, қолөнердің қыр-сырымен танысты. Бұл жолы кішкентай шеберлер түрлі материалдарды пайдалана отырып, өз қолдарымен әдемі балықтар жасап үйренді.
Іс-шара балалардың қиялын дамытып, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиеледі. Сонымен қатар, олар бір-бірімен идея бөлісіп, топпен жұмыс жасаудың маңызын ұғынды.
«Шебер қолдар» үйірмесі — балалардың шығармашылығын ашатын, олардың қол еңбегіне деген қызығушылығын арттыратын пайдалы әрі қызықты орта.