«АТАМҰРАДАН» - ӘЛ-ФАРАБИГЕ КІТАП КЕЛДІ
«АТАМҰРАДАН» - ӘЛ-ФАРАБИГЕ КІТАП КЕЛДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВТЫҢ бастамасымен алғашқы рет атап өтілген «Ұлттық кітап күні» жобасы аясында «Жылдың үздік баспасы» атанған «АТАМҰРА» корпорациясы еліміздің барлық кітапханаларына 1000 кітап сыйлап жатыр. Рухани қазына тиелген кітап керуенінен Әл-Фараби кітапханасына арнайы 50 кітап сыйға берілді.
Кітапхана директоры Анар Абусайылқызы сыйға берілген кітаптарды қабылдап, АТАМҰРА корпорациясына және президенті Рақымғали Абрарұлына ыстық ықыласы мен жүрекжарды лебізін жеткізді. 30 жылдан астам тарихы бар корпорацияның президенті, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» Рақымғали Абрарұлы Құл-Мұхаммед мырзаға шынайы алғысымызды айтамыз.
Еліміздің мәдени-рухани әлеуетін көтеруде талмай еңбек етіп келе жатқан ұжымға жарқын болашақ пен шығармашылық табыс тілейміз.
Атамұра өнеріміз бен әдебиетімізді дәріптей бер, «АТАМҰРА» !