«Нашақорлық – қауіпті індет» тақырыбында танымдық кеш өтті
26 маусым – халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай кітапханамызда «Нашақорлық – қауіпті індет» тақырыбында танымдық кеш өтті.
Адам өмірі мен қоғамға қауіпті дерттің алдын алу шаралары мен зияны талқыланған кездесуде Шымкент қаласының Психикалық денсаулық орталығының дәргер-наркологі Раушан Асанқызы Баймұрынова, Қаратау ауданы прокуратурасының аға прокуроры Азамат Берікұлы Әлзахов арнайы келіп, нашақорлықтың салдары мен алдын алу туралы жан-жақты түсіндіріп, бейне ролик көрсетті.
Іс-шараның модераторы - Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директор орынбасары Алпысбаева Гүлмира Батырбайқызы болды.
Шараға қатысушы оқырмандар да ойларын ортаға салып, қонақтарға сұрақтар қойып, толық жауаптарын алды.
Танымдық кешке Индустриалды-техникалық колледжінің студентері, оқырмандар қатысты.
https://www.facebook.com/share/v/1Fv4aT8iSr/