Жаңалықтар

«Менің сүйікті қалам» тақырыбында библиотакси ұйымдастырды

19.06.2025ж.

✨19 маусым – Қала күніне орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Менің сүйікті қалам» тақырыбында библиотакси ұйымдастырды.

⚜️Библиотакси шарасын ұйымдастырудағы мақсат – қала тұрғындары мен қонақтарына, жастарға Шымкент қаласы туралы толығырақ мағлұмат беру, қаламыздың тарихымен, мәдени орындарымен, ақын-жазушылары, мәдениет және қоғам қайраткерлерімен таныстыру арқылы Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

⚜️Библиотаксидің алғашқы жолаушысы «Күншығыс» мөлтек ауданынан мініп «Теріскей» мөлтек ауданынада дейін барлық сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, шарт бойынша межелі жеріне тегін жеткізілді. Келесі аялдамалар Ұ.Арғынбеков бойымен Қ:Қазиев көшесі, «Нұрсат», «Самал» мөлтек аудандары болды. Библиотакси жолаушыларына қала тарихы мен мәдениеті, ақын-жазушылары туралы сұрақтар қойылып, маңызды ақпараттармен бөлісіп, дұрыс жауап берген қатысушыларға бағыт алған жеріне ақысыз жеткізіліп кітапхана атынан сыйлықтар және кітапхана туралы ақпарат парақшасы тарту етілді.

https://www.facebook.com/share/v/1E17chQGGD/