Жаңалықтар

Балалардың жазғы демалысын мәнді де мазмұнды өткізу мақсатында Орталық саябақ аумағында кітаптар алаңын ұйымдастырды

⚜️Балалардың жазғы демалысын мәнді де мазмұнды өткізу мақсатында Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы Орталық саябақ аумағында кітаптар алаңын ұйымдастырды. Бұл бастама жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, жас ұрпақты кітап оқуға баулу сондай-ақ танымдық қызығушылықтарын арттыруға бағытталған.

????Бүгінгі саябақта ұйымдастырылған ашық аспан астындағы шағын кітап көрмелері мен жылжымалы кітап сөрелеріне жалпы саны 100-ге жуық балаларға арналған түрлі жанрдағы көркем әдебиеттер, ертегілер, энциклопедиялар, түрлі жаңылтпаштар мен жұмбақтар жинағы қойылды. Балалар үшін қызықты әдеби викториналар, ертегі сағаттары, мәнерлеп оқу сайыстары ұйымдастырылды. Оқырмандар саябақта ұйымдастырылған көрмеден өздеріне ұнаған кітаптарын оқып, интернетке тәуелділіктен бір сәтке арылып, таза ауада бойларын сергітіп алды.

????Бұл шара балалар мен жасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ой-өрісін, тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлес қосады. Кітаптар алаңы жаз мезгілінде аптасына бір рет ұйымдастырылып, барлық жас оқырмандар үшін ашық түрде өтетін болады.

https://www.facebook.com/share/v/16L5tagiu1/