Жаңалықтар

«МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ТАҒЫЛЫМЫ: АРАЙЛЫ АЛМАТЫҒА - ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛАДАН» әдеби керуен

«МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ТАҒЫЛЫМЫ:

АРАЙЛЫ АЛМАТЫҒА - ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛАДАН»

әдеби керуен

⚜️Көрнекті қаламгер, журналист, аудармашы, драматург Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай «әдеби керуен» Алматы шаһарына жетті.

⚜️Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен ҚР Жазушылар Одағының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық кітапханасы мен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының бірлескен әдеби шарасы Мархабат ағамызға «Арман болған Алматы» шаһарында зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен ғалымдардың қатысуымен өтті.

⚜️Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған шарада естеліктер мен пікірлер айтылып, елеулі еңбегіне жоғары баға берілді. Қаламгердің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен қайраткерлігі үшін Мемлекеттік сыйлыққа ұсыну көпшілік талқысында оң көзқарасқа ие болды.

⚜️Кітапханалардың жанашыр жақынына, қолдаушы-қамқоршысына, адал досына айналған Мархабат Байғұттың шығармалары еліміздің барлық кітапханаларында қалың оқырман қауымға кеңінен насихатталып келеді.

https://www.facebook.com/share/v/12Kwf788VXq/