Жаңалықтар

«Періштелердің өлімі» атты романы бойынша пікір алмасу кеші өтті.

⚜️Кітапханамызда Абонемент секторының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың 80 жылдығына орай «Періштелердің өлімі» атты романы бойынша пікір алмасу кеші өтті.

⚜️Кешті директор орынбасары Гүлмира Батырбайқызының алғы сөзімен басталды. Шараға, М. Әуезов атындағы ОҚУ және М. Сапарбаев университетінің студенттері қатысып, шығармадан алған әсерлерімен бөлісіп,өз ой- пікірлерін ортаға салды.Кешке белсене қатысқан оқырмандар алғыс хатпен марапаталды.

https://www.facebook.com/share/v/19HAjkHrAJ/