1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі Шымкент қаласында кең көлемде өтіп жатыр.
Қала әкімдігінің бастамасымен дәстүрге айналған “BalaShym” өнер фестивалі қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Қаламыздағы Орталық паркке балаларға арналған мерекелік бағдарламалар, кітап көрмелері, қолөнер шеберлерінің еңбектері қойылып, театрлық қойылымдар сахналанды.
Шарада қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек сөз алып, балаларды мейрамымен құттықтады. Еліміздің болашағы осы балалар екенін атап өтіп, әр бала бақытты болып өсуге толық қақылы екенін жеткізді.
Мерекелік кеш соңында фестиваль жеңімпаздары мен Шымкент жастар лигасының жүлдегерлері марапатталды.
Фестиваль концерттік бағдарламамен жалғасып, балаларға арналған ұлттық ойындарға, салт-дәстүріміз дәріптелген шараларға ұласты. Шымқаламыздың аспаны бақытты балалардың шаттық үнімен тербелді.