«Алаштың ардақты ұлы» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті
Кітапханамызда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған «Алаштың ардақты ұлы» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.
Конференцияға тарихшы ғалымдар, тіл мамандары, студент жастар, кітапханашылар қауымы қатысты.
Іс-шарада қазақ тарихының көлеңкелі тұстары, зұлмат жылдар жаңғырығы, осы қиын-қыстау кезеңде елі үшін аянбай еңбек еткен Алаш қайраткері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың саяси өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгіме айтылып, оның шығармалапынан үзінділер оқылды.