Жаңалықтар

«Ұрпақтар үндестігі»

⚜️«Ұрпақтар үндестігі»⚜️

????Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Ұрпақтар үндестігі» атты Шымкент қаласының танымал мәдениет қайраткерлерінің балалармен және ата-аналар арасында телекөпір өткізілді.

????Кеш қонақтары: ҚР Мәдениет қайраткері, театр және кино актеры Еркін Шымырқұлов, Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртісі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің, «Ерен еңбегі үшін» орденінің иегері Мөлдір Зияева, Шымкент қалалық әзіл-сықақ театрының жоғары дәрежелі әртісі Мөлдір Мұратбекова, айтыскер ақын, Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Анар Жаппаркулова.

????№135,52 жалпы орта мектептері мен №65 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысып,«Мұрагер» домбырашылар ансамблі мен «Томирис», «Мерей» би топтары өз өнерлерін ортаға салды.

Кеште әріптестер өнермен өрілген өнегелі өмірлері жайлы баяндап беріп, сахна қойылымынан үзінділер көрсетті. Әнші А.Қарғабай «Іңкәрім - ай»әнін орындаса, айтыскер ақын А.Жаппаркулованың сөзіне жазылған «Жаса, Қазақстан!» әнін әнші Н.Әлиев әсерлі жеткізді.

????«Бақытты бала - бақытты ел» тақырыбында кеңейтілген кітап көрмесі мен қаладағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.

https://www.facebook.com/share/v/14GdnWVeZA9/