Жаңалықтар

«Көңіл – күйім әндеріммен көрікті» атты кітап көрмесі жасақталды

????Кітапханада 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай және композитор Сейдолла Бәйтерековтің 80 жылдығына арналған «Көңіл – күйім әндеріммен көрікті» атты кітап көрмесі жасақталды.

????Көрме екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде композитор Сейдолла Бәйтерековтің шығармашылығы туралы әдебиеттерді: кітаптар, ноталық басылымдар, жазбалар және т. б. қамтиды.

????Екінші бөлімде сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған кітап көрмесіне ел мәдениетінің қалыптасуына қызмет жасаған танымал тұлғалар, сонымен қатар мәдени-тарихи құндылықтарды сақтауға бағытталған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылды.