«ӘЛ-ФАРАБИДІҢ МӘҢГІЛІК ӨСИЕТТЕРІ» тақырыбындағы мерекелік конференция өтті
Кітапханамызда ғалым, ұстаз, философ Әбдіжаппар Тұрашбековтың
75 жылдық мерейтойына арналған «ӘЛ-ФАРАБИДІҢ МӘҢГІЛІК ӨСИЕТТЕРІ» тақырыбындағы мерекелік конференция өтті.
Конференцияға тарихшы, философ, филолог ғалымдар қатысты. Конференция барысында фарабитанушы ғалым, ұстаз, профессор Әбдіжаппар Құрбанәліұлы Тұрашбековтың ғылыми мұрасымен қатар өнегелі өмірі, азаматтық келбеті жайлы әңгіме қозғалды.
Кеш барысында «Al-Ғarabi bilim mektebi» оқушылары ғалымның ғылыми еңбектерінен үзінділер оқыды.
https://www.facebook.com/share/v/12KFfhbAwnu/