Жаңалықтар

«Жұмысшы - мерейлі мамандық»

⚜️Мемлекет басшысының 2025 жылды Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай кітапханамыздағы «Жұмысшы - мерейлі мамандық» тақырыбындағы сурет көрмесін назарларыңызға ұсынамыз.

⚜️Көрменің мақсаты – нағыз еңбек адамдарын қоғамда дәріптей отырып, елдегі түрлі жұмысшы мамандардың мәртебесін көтеру, насихаттау. Әр салада тер төгіп жүрген құрылысшы, дихан, жүргізуші, шахтер және басқа да көптеген қарапайым жұмысшы өкілдеріне құрмет көрсету.

⚜️Сурет көрмесіне тақырыпқа сай фотоқұжаттар мен суреттер және мамандық иесі туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар қойылды.