ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бүгін кітапханамыздың директоры, ф.ғ.к. , «Мәдениет саласының үздігі», «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» , айтыскер ақын Анар Абусайылқызы Жаппарқұлованың туған күні.
21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесімен қатар келген мерейлі күніңіз, айтулы датаңыз құтты болсын!
Қашан көрсең сыпайы және сабырлы қалпынан танбайтын, бойында басшыға тән болмысы, Анаға тән ақкөңілдігі мен мейірбандығы аңқып тұратын Анар Абусайылқызы, сізді бүгінгі туған күн - төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің руханияты мен біліміне, қаламыздың мәдениеті мен әдебиетіне ересен еңбек сіңіріп, үлкен үлес қосып келе жатқан Ұлағатты ұстаз, Мәдениет жанашырысыз! Биік белестер мен асуларды алқынбай бағындырып, кітапхана ісінің жүгін қиналмай алға тартып келесіз.
Анар Абусайылқызы! Сіздің меншікті мерекеңізбен құттықтай отырып, ұжым мен ұлыстың алдында абыройыңыз артып, беделіңіз биіктей түсуіне, қызметіңіздің баянын көріп, жемісін жеуге тілектеспіз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шығармашылық табыс тілейміз! Қазақтың ардақты аналарының көшін абыроймен жалғай беріңіз!