Жаңалықтар

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен 21 мамырда атап өтілетін Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Астанада Мәдениет қызметкерлерінің форумы өтіп жатыр.

⚜️Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен 21 мамырда атап өтілетін Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Астанада Мәдениет қызметкерлерінің форумы өтіп жатыр.

????19-21 мамыр аралығында өтетін жиынға музей, театр, кітапхана, архив және мәдени-демалыс ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым мен креативті индустрия өкілдері қатысуда.

????Аталмыш шараға Шымкент қаласының кітапханаларының басшылары мен кітапханашылары қатысуда.

Бүгін кітапханашылар үшін «Кітапханалық-ақпараттық салада ЖИ-технологияларын енгізу» тақырыбында /Спикерлер: Трофимов Иван, Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Иркутск институты орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі/, «Кітап — оқу мәдениеті арқылы тұлғаны дамытудың құралы» /Спикер: Кеңшілікұлы Амангелді/, «20 ғасырдағы әлем әдебиеті» /Спикер: Алимова Зарина/, кітапхана жүйелерін цифрландыру бойынша IT-сарапшы,Syntax Media компаниясының өкілі «Кітапханаға арналған цифрлы экосистема» тақырыптарында семинар-тренингтер өтеді.

????Кешке форум қатысушылары мен қонақтарына «Астана Опера» театрында «Айсұлу» операсының көрсетілімі болады.

????Бұл ауқымды шараға кітапханамыздың атынан директордың орынбасары Гүлмира Батырбайқызы мен көпшілік-бұқаралық жұмыс секторының басшысы Айгерім Төребайқызы қатысуда.

Мәдениет саласындағы кәсіби шеберліктерін танытып, кітапханамыздың абыройын асқақтата беріңіздер!

Сәттілік тілейміз!