Жаңалықтар

ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ ӘДЕМІ

⚜️ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ ӘДЕМІ⚜️

♦️Осындай тақырыппен шырайлы Шымқаламызда көрнекті жазушы, журналист, драматург, Мемлекет және қоғам қайраткері Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-көпшілік конференция өтті.

????Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының және Әл-Фараби кітапханасының ұйымдастыруымен өткен шара Түлкібаста туып, тұтас түркі әлеміне ортақ болған марғасқа Мархабат Байғұттың өмірі мен шығармашылығына арналды.

♦️Алыс-жақын шет елдер мен еліміздің әр өңірінен келген танымал ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері, жазушының қаламдас-замандас достары мен туған-туыстары, мәдениет қызметкерлері мен кітапханашылар бас қосқан ауқымды жиын болды.

????Шараны қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының құттықтау хатын оқып берді. Жиын Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетовтың модераторлығымен жалғасын тапты.

????Жыл басынан бері Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған іс-шаралар кешені толастаған емес. Түркістанда шымылдығын түрген шара Шымкентте жалғасып, қаламгердің туып-өсен Түлкібас ауданында келелі жиынға ұласады.

????Алашқа белгілі Мемлекет және қоғам қайраткерлері Сауытбек Абдрахманов, Дархан Мыңбай секілді азаматтар бастап келген жиында, аса дарынды ақындар Нармахан Бегалыұлы, Ханбибі Есенқарақызы, Бауыржан Жақып ақындар қоштап шараның шырайын кіргізді.

Конференцияның ерекшелігі – Мархабат ағамызға жазылған ғылыми мақалалар «АҚТОЛҒАЙ» деген атпен жарыққа шығып, қалың оқырманға жол тартады.

????Конференция Оңтүстік өңірдегі «ұстаздар ұстаханасы» атанған қара шаңырақ – Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың «Қазақстан» мәжіліс залында өтті.

https://www.facebook.com/share/v/14bXZhJjBJ/