«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты патриоттық мерекелік кеш өтті
Бүгін кітапханамызда 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты патриоттық мерекелік кеш өтті. Шарада «Отты жылдар шежіресі» тақырыбында 1941-1945жж. аралығында мерзімді басылымдарда жарық көрген материалдар, «Отаным - бақыт ордасы» кеңейтілген кітап көрмесі көпшілікке ұсынылды.
Мерекелік кешке Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара Қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті Тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар басқармасының аға консультанты, подполковник Сейдахметова Гулнар Серикбаевна, Қорғаныс министрлігінің Қарулы күштерінің С.Рахимов атындағы әскери колледжінің взвод командирі старшина Ботабаев Нұрман Абжаппарұлы, Арнайы операция күштерінің офицері капитан Амангелді Арман Аманжолұлы, запастағы прапорщик Омаров Теңізжан Әбүтәліпұлы, А.Сейдімбеков атындағы №80 мектеп-лицейінің «Жас сарбаз» сыныбы, жетекшісі Жумагулов Бауыржан Сулейменович, №59 жалпы орта мектебі мен №52 мектеп оқушылары қатысты.
Сондай-ақ, «Балалар көркемсурет мектебі» ЮНЕСКО Клубы мектебінің бітіруші түлектерінің жұмыстары жеңіске тарту ретінде көрмеге қойылып, соғыс және еңбек ардагері, жазушы Әдіһәм Шілтерхановтың туғанына 100 жыл толуына орай әлеуметтік желіде жарияланған эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.
https://www.facebook.com/share/v/1YnuNsyC3V/