«Отбасыммен бірге кітап оқимын» атты сайыс өтті
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Республикалық Дарын мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған «Ұшқан ұя» повесін оқып, «Отбасыммен бірге кітап оқимын» атты сайыс өтті.
Шараны кітапхана директорының орынбасары Алпысбаева Гүлмира Батырбайқызы ашты. Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, жастарды кітап оқуға баулу мақсатында өткен шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының курсанттары, Түркістан Жоғары Көпсалалы, Аграрлық колледжінің студенттері және қала тұрғындары қатысты.
Қазылар алқасында ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының оқу процесін ұйымдастыру мониторингілеу және бақылау бөлімінің бастығы полиция капитаны Мекенбай Мейрамбек Сырымбекұлы, Республикалық Дарын мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Үсіпова Жансая Мұхтарқызы және Айгерім Талғатқызы, Әл-Фараби кітапханасының іс-шаралар секторының басшысы Алдабергенова Айгерім Төребайқызы болды.
Екі кезеңнен тұратын сайыста оқушылар отбасымен "Ұшқан ұя" повесінің желісімен қойылым қойса, келесі кезеңде мәнерлеп оқу бойынша монолог оқыды.
І орын Пірәлі Гулзат, ІІ орын Әбдіманап Нұрсая, ІІІ орын Әбілхайыр Гулім иеленді. Жеңімпаздар арнайы сертификаттармен және жүлделі сыйлықтармен марапатталды.
https://www.facebook.com/share/v/1L7GPjDbb7/