Жаңалықтар

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында өңірлік кітапхана басшыларының қатысуымен кәсіби дөңгелек үстел өтті

⚜️23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында өңірлік кітапхана басшыларының қатысуымен кәсіби дөңгелек үстел өтті.

????Күн тәртібінде 2025 жылы Қазақстанда өтетін ИФЛА Бас конференцисына дайындық жұмыстары және кітапхана саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

????Аталмыш басқосуға Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директор орынбасары Алпысбаева Гүлмира Батырбайқызы қатысты.

????Сондай-ақ, тұңғыш рет аталып өткен Ұлттық кітап күніне орай Бейбітшілік және Келісім сарайында өткен салтанатты шара аясында "Ұлттық кітап" байқауының жеңімпаздары марапатталды. "Жыл кітабы", "Үздік баспа", "Үздік аударма", "Үздік иллюстрация кітабы", "Фантастика жанрындағы үздік кітап", "Детектив жанрындағы үздік кітап", "Нон-фикшн бағытындағы үздік кітап", "Сатира жанрындағы үздік кітап, "Үздік балалар кітабы" номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды.