Құрметті оқырмандар, қадірлі кітапсүйер қауым!
Құрметті оқырмандар, қадірлі кітапсүйер қауым!
Сіздерді 23 сәуір — Ұлттық кітап күнімен шын жүректен құттықтаймын! Президентіміз Қ.Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: - «Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз» – деп атап өткен болатын. Нәтижесінде ҚР Үкіметінің 2024 жылдың 29 маусымдағы №522 Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілді. Биыл бұл мереке тұңғыш рет атап өтіліп жатыр.
Бұл күн — білімнің қайнар көзі, руханияттың шамшырағы, адамзаттың асыл қазынасы — кітапқа деген құрметімізді білдіретін ерекше мереке.
Кітап — тек қана ақпарат көзі емес, ол — ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мәдениет, тәрбие мен даналықтың айнасы. Адам баласының ең асыл серігіне айналған кітап әрдайым жүрегіміздің төрінен орын алсын!
Бұл күн баршамызға шабыт, ізденіс, рухани байлық пен жаңа білім көзі болсын! Ұлттық кітап күні құтты болсын!