Бүгін кітапханамызда «23 сәуір - Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында “Мәртебелі кітап” апталығының ТҮНГІ КІТАПХАНА жобасында ғұлама ғалым Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1155 жылдығына орай өткізілген NIGHTQUEST шарасы өткізілді.
Мемлекет басшысының “ОҚИТЫН ҰЛТ” қалыптастыру ұсынысының негізінде өткізіліп отырған NIGHTQUEST жобасы оқырмандарды кітапханаға көптеп тартып, кітап оқуға ынталандыру мақсатында жүзеге асырылды.
Шараға қаламыздағы Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттері мен Назарбаев зияткерлік білім беру жүйесінің химия-биология бағыты бойынша оқытатын мектеп оқушылары қатысты.
Түнгі кітапхана қонақтары Әл-Фараби бабамыздың еңбектері мен трактаттары бойынша сұрақтарға жауап беріп, көңілді тапсырмалар орындады.
Екі топқа бөлінген жастар өзара білімдерімен жарысып, оқыған кітаптарымен бөлісіп жарыс көркін қыздыра түсті.
Кешті қорытындылаған кітапхана директорының орынбасары Асылзат Оспанқызы Арыстанова оқырмандарымызға кітапхана есігі әрдайым ашық екенін айта келе, ілім-білім іздеген жандар үшін қолайлы мүмкіндер қарастырылғанын жеткізді.
Шара соңында жарысқа түскен жастарға сәттілік тілеп, белсенділік танытқан жастарға кітапхана басшысының арнайы алғыс хаттары тапсырылды!
Шараны жүргізген модератор - кітапхананың көпшілік іс-шаралар секторының басшысы Айгерім Төребайқызы.