Әбу Насыр Әл-Фарабидің жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесіне арналған ғұламаның «Азаматтық қоғам, фикһ және діни ілім туралы» ғылыми еңбегіне оқырмандар конференциясы өтті
Кітапханамызда қазақ даласында дүниеге келіп, түркілік дүниетанымның мүмкіндігін әлемге паш етіп, жаһандық өркениетте өшпес із қалдырған ортағасырлық ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесіне арналған ғұламаның «Азаматтық қоғам, фикһ және діни ілім туралы» ғылыми еңбегіне оқырмандар конференциясы өтті.
Конференцияға тарихшы ғалымдар, араб тілі мамандары, мектеп мұғалімдері, студент жастар, оқушылар мен кітапханашылар қауымы қатысты.
Al-Farabi bilim mektebi оқушылары ғұлама, ғалым, энциклопедист Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Азаматтық қоғам, фикһ және діни ілім туралы» ғылыми еңбегінен үзінділер оқыды.
https://www.facebook.com/share/v/18bALz41t2/