ШЫМҚАЛАДА ҰЛТТЫҚ КІТАП МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
ШЫМҚАЛАДА ҰЛТТЫҚ КІТАП МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты қалалық кітапханалардың ұйымдастыруымен
«23 сәуір - Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында «Мәртебелі кітап» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Арбат демалыс аймағында баспа үйлері мен кітап дүкендерінің кітап жәрмеңкесі, көрме-сатылымы («Атамұра», «Жебе», «Отбасы хрестоматиясы», «Шың», «Қасиет», «Қасым», «Қызмет», «Кітап алу», «Шикула и К» баспалары мен «Төлеби», «Білім» кітап дүкендері) ұйымдастырылды.
Шараны Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Убайдуллақызы ОҢДАСЫНОВА ашып берді.
ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры Күміс Қарсақбайқызы СЕЙІТОВАНЫҢ бейне құттықтауымен жалғасқан апталық, шырайлы шаһарымыздағы зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылардың жылы лебіздерімен, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының мерекелік бағдарламасына ұласты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ үшінші Ұлттық құрылтайда айтылған ұсынысымен елімізде жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілді. Биыл бұл мереке тұңғыш рет атап өтіліп жатыр.
Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.
Апталықтың салтанатты ашылу рәсімінен соң Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы ұйымдастырған қаламы қарымды, ойы терең қаламгер Нұрхан Сұлтанбайұлы СӘМЕНБЕТТІҢ (Топанби) қос бірдей жаңа кітабы – «Үкікөз» және «Күн сәждесі» атты туындыларының тұсаукесер шарасы өтті.
Шара модераторы – кітапхана қызметкері, айтыскер ақын Мейіржан ЖАҚЫП.
https://www.facebook.com/share/v/1HSVZN3Cyw/