«Қазақстан - бейбітшілік пен достықтың бесігі» атты Ассамблея өкілдерімен кездесу кеші өткізілді
Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында шет тілі әдебиеттер секторының ұйымдастыруымен «2025 жыл – Қазақстан Халқы Ассамблеясына – 30 жыл» толуына орай «Қазақстан - бейбітшілік пен достықтың бесігі» атты Ассамблея өкілдерімен кездесу кеші өткізілді.
Шараға Татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Бурнашев Шакиржан, Шымкент қаласы Ахыска Түрік этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Құрбанов Ағапаша Гүләліұлы, Шымкент қаласы, Түрік этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Каманов Тургунбай, Өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Шамирзаев Аббас Ахмадшоұлы және Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаменті қызметкерлері, №52 мектеп-лицейінің оқушылары қатысып, бүгінгі күні Қазақстан Халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік болып саналатынын, сондай-ақ Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келетінін атап өтті.
Кеш модераторы Түркі әлеміне танымал ақын, халықаралық Физули атындағы әдеби сыйлықтың иегері Құрал Көмекұлы