«Сатира сардары» тақырыбында еске алу кеші өтті
Кітапханамызда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Президент сыйлығы мен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, журналист, сықақшы Көпен Әмірбектің 75 жылдығына орай «Сатира сардары» тақырыбында еске алу кеші өтті.
Іс-шара барысы кітапхана директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жаппарқұлова Анар Абусайылқызының алғы сөзімен басталып, кітапхана қызметкері, республикалық айтыстардың жеңімпазы Мейіржан Жақыптың арнауымен жалғасты.
Кеш қонақтары жазушылар, журналистер Шойбек Орынбай, Асхан Майлыбаева, Захардин Қыстаубаев, Мұхтар Шерім, сондай-ақ Көпен Әмірбектің інісі Мырзабек Әмірбекұлы сатириктің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен әңгімелеп, көрермендерге құнды мол мәліметер берді.
Сондай-ақ, С.Ерубаев атындағы № 24 ІТ мектеп-лицейінің оқушылары Асанұлы Есімхан, Жұмабек Мұстафа Көпен Әмірбектіңтің шығармаларынан әдеби композиция орындады.
Кеш модераторы - журналист, «ҚР Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «Қазақ радиосының» меншікті тілшісі Ерсұлтан Әмірбек