Жаңалықтар

Өмірзақ Жұмағұлұлының туғанына 70 жыл толуына орай «Өнер деп соққан жүрегі» атты әдеби сазды кеш өтті

⚜️Кітапханада дарынды сазгер «Мәдениет майталманы» төс белгілерінің иегері, еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Шәмші әлемі» гүлзарында ашылған «Жұлдыздар аллеясында» есімі жазылу құрметіне ие болған, әнші, термеші Оспанов Өмірзақ Жұмағұлұлының туғанына 70 жыл толуына орай «Өнер деп соққан жүрегі» атты әдеби сазды кеш өтті.

♦️Кешті ҚР мәдениет қайраткері Гүлбала Абуова жүргізді.

♦️Кеш қонақтары:

Өмірзақ Оспановтың жары Дана Оспанова, қыздары Салтанат, Ләззат және ұлы Қайрат пен келіні Эльмира.

Сазгер Өмірзақ Оспановтың өнердегі әріптестері «Еңбек даңқы», «Ел мақтанышы», «Ерен еңбегі үшін», «М.Шолохов», «Арғымақ» сыйлығының иегері, ҚР Журналистер одағының, Әлем жазушылары одағының мүшесі Атанбек Наурыз, бірнеше мүшәйралардың жеңімпазы, Халықаралық ақындар айтысының жүлдегері, ақын, жазушы Бөрібай Оразымбет, ҚР мәдениет қайраткері, әнші Хадиша Шалабаева, ҚР Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Абылайхан Оспанов, сазгер, әнші Нұртай Шоқай.

♦️Кеш қонақтары сазгер туралы керемет естеліктерін айтып, құрметпен еске алды.

Ағамыздың өмірі, шығармалары жайлы «Өнер деп соққан жүрегі» тақырыбымен кітап көрмесі жасақталып, қонақтарға және оқырмандарға таныстырылды.

????Өмірін өнермен өрнектеген термеші, сазгер шығармаларынан ән орындалды.

Ақынның жары Дана Оспанова сазгердің «Шымкентім шырайлым» әндері мен «Анашым алтын бағым» өлеңдер жинағын кітапханамызға тарту етті.