«Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл» атты эстафеталық ойын өткізілді
Кітапханамызда «Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл» атты эстафеталық ойын өткізілді.
Шараға «FinBridge» халықаралық мектебінің оқушылары қатысып,оқырмандарға денсаулықты күту жайлы ақпараттар беріліп,балалармен түрлі эстафеталық ойындар ойнатылып,флешмоб биледі.
Шараға белсене қатысқан оқырмандарға сыйлықтар табысталды.