ӨМІР. ҚОЗҒАЛЫС. ДЕНСАУЛЫҚ
ӨМІР. ҚОЗҒАЛЫС. ДЕНСАУЛЫҚ.
Кітапханамыздың көрмелік-бұқаралық жұмыс секторының ұйымдастыруымен “7 сәуір - Халықаралық денсаулық күніне” орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі бірлескен көңілді старт шарасын өткізді.
Зияткерлік мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абылай Қыстаубайұлы Құлтай шараны ашып беріп, көңілді стартқа қатысып жатқан сыныптарға сәттілік тіледі.
Салауатты өмір салтын шәкірттердің бойына сіңіруде үздіксіз еңбек етіп жүрген дене тәрбиес пәні мұғалімі Жанат Әмірханұлы Данаев жүргізген көңілді старт 7 “L” және 7 “K” сыныптары арасында өтті.
Кітапхана қызметкері, айтыскер ақын Мейіржан Жарылқап байқауға қазылық етіп, өзара жүйріктерді анықтады.
Шара соңында кітапхана директоры, ф.ғ.к. Анар Абусайылқызының алғыс хаттары табысталды.