Жаңалықтар

«Кітаппен жарқын әлемге» атты ашық есік күні өткізілді

????«Ақерке» балалар залы ұйымдастыруымен 2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне орай кітапханамызда «Кітаппен жарқын әлемге» атты ашық есік күні өткізілді.

????Шараға қаламыздағы «Қаныш Сәтбаев» мектебінен Абдразақова Жанна Анарбекқызы бастаған және «Жас дарын-5 »бастауыш мектебінен Алпыс Шолпан Ғалымжанқызы бастаған ұстазымыз оқушыларымен қатысып, балаларға арналған қызықты кітаптармен, журналдармен танысты.

✨Сондай - ақ,«Кім жылдам», «Ең ақылды кітаптар»ойындары ойнатылып,әндер шырқалып,би биледі. Шара соңында Директордың орынбасары Асылзат Оспанқызы Алғыс хатпен марапаттады.