«Театр – ұлттық рухтың жаршысы» атты өнер кеші өтті
Кітапханада Халықаралық театр күніне орай «Театр – ұлттық рухтың жаршысы» атты өнер кеші өтті.
Өнер кешінің қонақтары - Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының әртістері Дүйсебек Аралбаев және Мухаммедхалиева Лейла, Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының директорының орынбасары, ҚР Мәдениет саласының үздігі Айтбай Кенжебай Әбдіхалықұлы, Шымкент қалалық опера және балет театрының вокал әртісі Жумаділдаева Салтанат, Шымкент қалалық орыс драма театрының вокал әртісі Винакурова Светлана Альбертовна, Шымкент қалалық өзбек драма театрының әртісі Дилдара Халметова.
Кеш шымылдығы бес театр әртістерінің сахнаға шығуымен ашылды.
Өнер кеш барысында бес театрдың тарихы жайлы бейнероликтер көрсетіліп, әртістер театрдың негізгі репертуарынан үзінділер ұсынды.
Өнер кеші концертке ұласып, өнер сүйер өрен көтеріңгі көңіл-күймен қайтты.