Жаңалықтар

Омар Жәлелұлының «Харекет» кітабын ұсынамыз

⚜️Құрметті оқырмандар!!!

????Назарларыңызға кітапханамыздың Сирек кітаптар қорының «Қолтаңбалар мен қолжазбалар» топтамасынан белгілі философ, ғалым Омар Жәлелұлының «Харекет» кітабын ұсынамыз. Кітапқа Абай Құнанбайұлының «Адам бол - мал тап» қағидатына негізделген, адамды еңбек етуге жігерлендіретін, адами болмыс бітімін, ар-абыройын сақтап қалдудың жолдарын нұсқайтын «Еңбек-рух» атты монография мен қазақы дүниетанымның қайнарынан қанып ішкен ғұламалар (Ясауи, Бұқар жырау,Абай Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім) шығармаларындағы Жаратушы мен пенденің, пенде мен дүниенің, пенденің өз-өзімен қарым-қатынас табиғатын тануға ұмтылған ғылыми мақақлалар мен зерттеулер енген. Кітап қалың оқырманға арналған.