Жаңалықтар

«Қазақ сазының жарқын жұлдызы» атты сазды кеш өтті

⚜️Қазақ музыкалық мәдениетіне, саз өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, артына өшпес мол мұра қалдырған, дәулескер күйші, қазақтың әйгілі композиторы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына - 100 жыл толуына орай «Қазақ сазының жарқын жұлдызы» атты сазды кеш өтті.

♦️Кешті дәстүрлі әнші Тәттімбет Керей жүргізді.

♦️Саз әлемінде өзіндік орны бар Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары «Әлқисса», «Аққу», «Жекпе-жек», «Баламишка» күйлерін қазақ ұлттық аспаптар оркестрі аса шеберлікпен орындаса, ал әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының әншілері композитордың «Әке туралы жыр» және «Алатау» әндерін нақышына келтіріп шырқап берді.

♦️Сонымен қатар экран арқылы Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны туралы қысқаша бейнеролик көрсетілді және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы Серікбаева Қалдыкүл Қармантайқызы композитордың ерекше тұстары жайлы қысқаша мәліметтер баяндап берді.

♦️Мерейтой иесіне арнайы жасақталған кітап көрмесіне композитордың өмірінен сыр шертетін суреттер, өмірбаянына қатысты естеліктер, кітаптар қойылды.

????Ән мен күйге өрілген бұл кеш, тамаша өтті.