«Ұлан» - ұрпақ үні, ұлт үні» тақырыбындағы ақпараттық сағат өтті
14 наурыз – бұрынғы «Қазақстан пионері» қазіргі «Ұлан» газетінің алғашқы номері жарық көргеніне - 95 жыл толуына орай «Ұлан» - ұрпақ үні, ұлт үні» тақырыбындағы ақпараттық сағат өтті.
Ақпараттық сағаттың мақсаты – газеттің тарихын насихаттау, 95 жылдық жолын көрсетіп, оның қазақ балалар журналистикасындағы рөлін айқындау. Жас оқырманды ақпаратпен таныстыру, газеттің бұрынғы және қазіргі нөмірлерін ұсыну арқылы балалар мен жасөспірімдердің оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Шараға №2 оқушылар сарайының Медиа бөлімінің меңгерушісі Балабасова Гүлнұр шәкірттерімен қатысып «Ұлан» газетінің беттерінен өлеңдер оқыды.