«Бірлік пен келісімнің 30 жылы»
«Бірлік пен келісімнің 30 жылы»
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» тақырыбында қалалық кітапханалардың ұйымдастыруымен поэзия кеші өтті.
Тақырыпқа сай кеңейтілген кітап көрмесі мен «Шаңырақ» инсталляциясы көпшілікке ұсынылды. Арнай дайындалған бейнеролик көрсетіліп, «Алғысым шексіз» поэзиялық композициясымен тақырыптың мазмұны ашыла түсті.
Кештің алғы сөзін - Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, ф.ғ.к. Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова алып, жиылған қауымды мерекемен құттықтады.
Поэзия кешінің арнайы қонақтары ақын, жазушы, аудармашы, Бүкіл дүниежүзілік халық шығармашылар Одағының мүшесі Абдурауф Абдуғаффаров пен ақын, жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Саотай Камалова құттықтау тілектерін жеткіп, жыр-шумақтарын оқыды.
Өз кезегінде сөз алған «Әзербайжан этно-мәдени бірлестігі» төрағасының орынбасары, ОҚИУ-нің тілдер және әдебиет кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Гурбанова Арзу Арифовна мен Төле би ауданы «Өзбек этно-мәдени орталығы» төрағасының орынбасары, «Ынтымақ жолы», «Ел Құрметі» Республикалық қоғамдық қорларының, газеттер мен журналдардың тілшісі Османов Анармат Кочкарович, өзбек этно-мәдени бірлестігінің төраға орынбасары, ҚХА жанындағы этномедиация мүшесі Шамирзаев Аббас Ахмадшаевич құттықтау сөз айтып, мерейлі мерекенің тарихы мен тамырын өскелең ұрпаққа тереңінен түсіндірді.
Қалалық кітапханалардың қызметкерлері мен оқырмандары арнайы «Ассамблея - тарихымыздың ізі, бірлігіміздің ұйытқысы», «Ата Заң мен Бейбітшілік хақында» тақырыптарында әдеби композиция орындаса, Ассамблея жастары өздерінің шығарған өлеңдерін оқыды.Сондай-ақ, Ахысқа түркі ұлт өкілі Маметов Магамед әнмен шашу шашты.
Кеш модератор әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми - әмбебап кітапханасының көрмелік бұқаралық іс-шаралар секторының басшысы Айгерім Алдабергенова.
https://www.facebook.com/share/v/18MQW6j9tr/