ОТЫРАР РОМАНТИЗМІ мен ТАМШЫ немесе ҚЫЛ ҚАЛАМ мен ЖЫР ҚАЛАМНЫҢ ИЕСІ
ОТЫРАР РОМАНТИЗМІ мен ТАМШЫ
немесе
ҚЫЛ ҚАЛАМ мен ЖЫР ҚАЛАМНЫҢ ИЕСІ
Осындай тақырыппен Отырар ауданының құрметті азаматы, ақын, суретші Әділхан Табылханұлы МӘЛІКТІҢ жаңа кітаптары жарыққа шықты.
Саналы ғұмырын туған жерінің тыныс-тіршілігін бейнелеуге арнаған қыл қалам мен жыр қаламның иесі мәдениет майталманы, әдебиеттің алыбы. Қылқаламынан туған суреттер топтамасын алты тақырыпқа бөліп, арнайы ОТЫРАР РОМАНТИЗМІ деп жарияласа, жүректен шыққан жыр жинағы ТАМШЫ деп аталады. Автордың жаңа жинақтарын қызы - ақын, филолог Ақерке Маликова кітапханамыздың алтын қорына тапсырды.
Ұлылар отанынан шыққан ұлағатты ұстаз, арқалы ақын Әділхан Мәлік - талай шәкірт тәрбиелеген, қаншама симпозиумның сәнін кіргізген сұңғыла суретші.
Мәртебелі оқырман, қыл қалам мен жыр қаламнан туған сырлы суреттер мен сыршыл өлеңдерді оқимын десеңіз, кітапханамыздың есігі айқара ашық!