Жаңалықтар

«Әсем қала – Ақтау» атты тақырыпты кеш өткізілді

⚜️Кітапханада «2025 жыл Ақтау Түркі әлемінің мәдени астанасы» болып

жариялануына орай кітап қорын толықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Әсем қала – Ақтау» атты тақырыпты кеш өткізілді.

Ж.Ташенов атындағы университеттің мұғалімдері, география ғылымдарының магистрлері Фариза Әлайдар және Нұрай Момынқұл қатысып, түркі өркениеті жайлы және Ақтау қаласының тарихын, киелі жерлерін, географиясы мен мәдениеті жайлы кеңінен әңгімеледі.

Ж.Ташенов атындағы университеттің студенттері М.Иса баяндама оқып,

А. Ахмет, М. Алишерова, Қ. Дүйсен,

З. Әділгерей шежірелі Ақтау жайлы өлеңдерді жатқа айтты.

????Кітапхананың ғылыми әдістемелік бөлімінің қызметкерлері Мадина Сытышева, Ажар Нұрбек әсем әнмен кештің көркін ашты.

????Кешті кітапхана директорының орынбасары Асылзат Арыстанова жүргізді.

https://www.facebook.com/100064780246885/videos/543782941427189/