«Мен және менің құқығым» атты құқықтық сағаты өтті
Кітапханамызда Құқықтық сауаттылық жобасы аясында «Мен және менің құқығым» атты құқықтық сағаты өтті. Шараға Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция майоры Танкишов Бағдат Маратұлы, Қаратау аудандық полиция капитаны Тогаев Марат Бақытұлы, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің құқық пәнінің оқытушысы Шалабаева Кульшара Абдуатовна қатысып, қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру жайында пікірлерімен бөлісіп, тақырыпқа сай видеороликтер көрсетілді.