Жаңалықтар

АЯҚТАЛМАҒАН ДАСТАН ӨМІР

АЯҚТАЛМАҒАН ДАСТАН ӨМІР

⚜️Бүгін кітапханамызда осындай тақырыппен қарымды қаламгер, білікті журналист, мәдениет саласының майталманы атанған Қайырғали Мүсілімұлы МЕДЕТТІ еске алу шарасы өтті!

????Саналы ғұмырын мәдениет пен руханиятқа арнаған Қайырғали Мүсілімұлы артына өшпес із, өлмес мұра қалдырған қайраткер. Қай саланың болмасын шаруасын дөңгелетіп ала кететін қажырлы, қайсар мінез иесі. Қоғамның жоғын түгендеп, мұңын айтқан журналист, бірқатар республикалық, облыстық баспаларды басқарған редактор.

????Шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, замандас достары мен туған-туыстары, ұл-қыздары мен шәкірттері қатысып, Қайырғали Мүсілімұлы хақында ескірмейтін естеліктер мен қимастық сезімдерін бір арнаға тоғыстыра отырып еске алды.

????Белгілі ақын, К. Симонов атындағы сыйлықтың иегері Нармахан Бегалыұлы, жазушы Момбек Әбдіәкімұлы және кітапхана директоры, ф.ғ.к. Анар Абусайылқызы бастаған зиялы қауым өкілдері жазушының ”Өмірімнің өзегі” және “Шалқалап туған ай” атты авторлық кітаптарының тұсауын кесті. Жазушының отбасының қалауымен жаңа кітаптар оқырман қауымға тікелей жол тартты.

????Кеш модераторы - журналист, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай.