Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП СЫЙЛАУ КҮНІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП СЫЙЛАУ КҮНІ

⚜️Бүгін кітапханамызда 14 ақпан - халықаралық кітап сыйлау күні аталып өтті.

????Шараға қаламыздың зиялы қауым өкілдері, қаламгер мен кітапхана оқырмандары қатысып, кітапханамызға баға жетпес байлық саналатын кітаптарын сыйға тартты.

????Кітап сыйлаған оқырмандардың арасында ақын, ардегер ұстаз, қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған Күләш Қожанова, ардақты ардагер Қамбарбек Молдабеков, зейнеткер оқырман Райза Сатжанова, зейнеттегі полковник, медицина саласының ардагері, біздің тұрақты оқырманымыз Байғозы Абдилаев, Шымкент қалалық Тілдерді оқыту әдістемелік орталығының оқытушысы Абдуғаппарова Гулшахар, 140 жалпы орта білім беретін мектебінің 3 "Ә" сынып оқушылары: Машрафов Имран Исламұлы. Сенбек Амина Жұмағалиқызы, Шаңырақ мектебінің оқушылары: Жұматай Айбике, Манапов Амирхан, ҚР Ішкі істер Министрлігіне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының оқу процесін ұйымдастыру, мониторинг және бақылау бөлімінің бастығы полиция капитаны Мекенбай Мейрамбек Сырымбекұлы бар. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директор орынбасары Алпысбаева Гүлмира Батырбайқызы жазушы С.Мұхановтың 15 томдық кітабын кітапханамыздың алтын қорына сыйлады.

????Кеш жүргізушісі - көпшілік іс-шаралар секторының басшысы Айгерім Алдабергенова.