Шымкент қаласында «БІР ҚАЛА - БІР КІТАП» акциясының жыл таңдауы өтті!
Шымкент қаласында «БІР ҚАЛА - БІР КІТАП» акциясының жыл таңдауы өтті!
Бүгін кітапханамызда Шымкент шаһарының қаламгерлері, зиялы қауым өкілдері, қала кітапханашылары мен оқырмандардың алқалы жиыны болып өтті.
Шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 3 қаңтарда «Ана тілі» газетіне берген сұқбаты талқыланып, жиынға қатысушылар өзара пікір алмасты.
Күн тәртібіне қойылған келесі мәселе Ұлттық Академиялық кітапхананың Республика көлемінде 2007 жылдан бері аталып келе жатқан «Бір ел - бір кітап» жобасының 2025 жылғы таңдаулары мен Шымкент қаласындағы «Бір қала - бір кітап» акциясымен жалғасты.
Қаламыздың қарымды қаламгерлері мен тұрақты оқырмандарымыздың, қала кітапханалары қызметкерлерінің ортақ шешімімен көрнекті жазушы, журналист Заһардин Қыстаубайұлының жақында жарық көрген «Тұман» кітабы таңдалды
Қала бойынша таңдалған «Тұман» шығармасы мен авторы жыл бойы насихатталып, оқырмандарға ұсынылатын болады.
Өз кезегінде «Тұман» кітабының авторы Заһардин Қыстаубайұлы кітапханамызға жаңа кітаптарын сыйға тартты!
https://www.facebook.com/100064780246885/videos/937974238522800/