"Шебер қолдар" үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді
Кітапханамызда "Ақерке" балалар залының ұйымдастыруымен "Шебер қолдар" үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді.
Бүгінгі сабаққа қаламыздағы "Нұр Сапар" балабақшасының тәрбиеленушілері қатысып, түрлі-түсті қағазбен Қыс мезгілін тамашалап,"Аққала" жасап,шеберліктерін көрсетті.