Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БАС ШЫРШАНЫҢ ШАМДАРЫ ЖАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ БАС ШЫРШАНЫҢ ШАМДАРЫ ЖАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласының Астана алаңында бас шыршаның шамдары жанды.

Жаңа жылдық мерекенің басты атрибуты бас шыршаның шамдарын жағу іс-шарасы аясында креативті бағдарламалар ұсынылды.

Солардың бірегейі, елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «OPEN AIR SHYMKENT 2024» фестивалі, LASER SHOW және FIRE SHOW көріністері қала тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас әсер сыйлады. Лазер шоу Шымкент қаласының басты жетістіктерін бейнелеп, көздің жауын алатын әсерлі көріністер көрсетті. Сонымен қатар, FIRE SHOW да ерекше көріністермен алаңға жиналған көпшілікке қуаныш сыйлап, аяз ата ақша қарлар мен ертегі кейіпкерлерінің шеруі өтті.

Мерекелік шарада балалар мен ересектерге арналған түрлі қойылымдар ұйымдастырылып, танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

https://www.facebook.com/100064780246885/videos/1265685584733994/